Компания туралы

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылы маусым айында құрылған. Компания өз концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) компаниялар тобының  құрамына кіреді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметінің негізгі бағыттары магистральдық газ құбырлары жүйесін пайдалану әрі техникалық күту және ішкі тұтынушыларға табиғи газ тасымалын жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық транзит болып табылады. 

Нақты алғанда «Интергаз Орталық Азия» республикада жалпы ұзындығы 14 мың км барлық магистральдық газ құбырларын бақылайды. Ұдайы жаңартып отыру арқылы газ құбырларының өткізу қабілеті үнемі өсіп отырады. 

Компания газды Қазақстанның аумағы бойынша 14 магистральдық газ құбырымен тасымалдайды. Газ тасымалын алуан түрдегі және үлгідегі 291 газ айдайтын агрегат орнатылған 24 компрессорлық станция жүзеге асырады. 

Газ құбырларының ең ірісі «Орта Азия-Орталық» МГҚ, оның бір желідегі ұзындығы жиынтығында 4892 км құрайды. 

Компанияның құрамына 3 жер асты газ қоймасы (ЖАГҚ) кіреді. Олардың ең ірісі Ақтөбе облысында орналасқан Бозой ЖАГҚ. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Полторацкое ЖАГҚ, Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ЖАГҚ жұмыс істейді. Жер асты газ қоймалары қысқы маусымдарда, сондай-ақ газ жеткізу көлемдері азайған кезеңдерде тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ газ тасымалдау жүйесінің құрылымы

«ИОА» АҚ газ тасымалдау жүйесін филиалдары - магистральдық газ құбырлары басқармалары (МГҚБ) пайдаланады:       

1. «Атырау» МГҚБ:

«Орта Азия-Орталық» МГҚ, «Мақат-Солтүстік Кавказ» МГҚ.

2. «Орал» МГҚБ:

«Союз» МГҚ, «Орынбор-Новопсков» МГҚ, «Орта Азия-Орталық» МГҚ.

3. «Ақтөбе» МГҚБ:

«Бухара-Орал» МГҚ, «Жаңажол-Октябрьск-Ақтөбе» газ құбыры, «Қарталы-Рудный-Қостанай» газ құбыры, «Жаңажол-КС-13».

4. «Оңтүстік» МГҚБ:

«Бухара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Газли-Шымкент» МГҚ.

5. «Қызылорда» МГҚБ:

«Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры.

6. «Ақтау» МГҚБ:

«Орта Азия-Орталық» МГҚ, «Окарем-Бейнеу» МГҚ.

7. «Тараз» МГҚБ:

«Бухара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Амангелді-КС-5».

8. «Инженерлік-техникалық орталық» филиалы

9. Шымкент қ. Оқу-курстық комбинат

Транзиттік газ әлеуетінің Қазақстан үшін стратегиялық геосаяси және экономикалық маңызы зор. Сондықтан да, табиғи газдың халықаралық транзитінің өсіп келе жатқан көлемдерін қамтамасыз ету және құбыр жүйесінің қолда бар активтерін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында "Интергаз Орталық Азия" компаниясының қызметінде, Қазақстан Республикасы аумағынан өтетін газ тасымалдау магистралінің транзиттік қуатын дамыту басым болып табылады. 

 "Интергаз Орталық Азия" АҚ қолданыстағы газ тасымалдау желілерін қайта құру мен жаңартуға ауқымды қаражат жұмсауда. Соның нәтижесінде еліміздің аумағынан өтетін газ құбырларының газ өткізу қабілеті үнемі көтерілуде. 

Жаңа технологияларды қолдану, заманауи құрылғыларды, қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ететін механизмдер мен жабдықты енгізу, технологиялық процестің сенімділігі, үнемділігі және мүлтіксіздігі Компания жұмысының негізгі қағидалары болып табылады. 

Қазақтандық газ қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі, жоғары біліктілігі және күш-қуаты – Қазақстан Республикасының газ тасымалдау саласындағы табыстар кепілі.


Көзі нашар көретіндерге
арналған нұсқа