Сертификаттар

ISO Сертификаттар

ISO 9001 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін модельдеу 2004 жылы басталды. 2005 жыл ішінде қазіргі сапа жүйесін, топ-менеджменттен бастап инженерлік-техникалық қызметкерлерге дейінгі барлық деңгейдегі қызметкерлердің білімін, көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға қажетті жүйенің барлық элементтерін енгізуді тексеру бойынша ауқымды жұмыс жасалды.

Осы қызметтің заңды қорытындысы - танымал DAR TGA (аккредитациялау бойынша неміс органы) халықаралық сертификациялау жүйесінде сапа менеджменті жүйесін сертификациялауы (2006 ж.) болды. Осы жетістікпен шабыттанған Компания, қол жеткізген жұмыстарына тоқтамай, қазіргі сапа менеджменті жүйесіне сәтті интеграцияланды және экология менеджменті жүйесін және денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесін сертификаттады (2007 ж.).

Қазіргі таңда "Интергаз Орталық Азия" АҚ (2009 ж. сәуір-мамыр) қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің DIN EN ISO 9001:2008 талаптарына сәйкестігіне жарамдылығы мен барабарлығына «ТЮФ Серт» сертификаттау бойынша неміс органының сырттан (қайтадан) аудиттен өткізуі кезінде оң бағасын алды.

«ТЮФ Рейнланд ИнтерСерт» сертификаттау бойынша неміс органы экологиялық менеджмент жүйесіне және денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесіне сырттан аудит жасаған кезде DIN EN ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 талаптарына сәйкестігіне аталған жүйелер де осындай жоғары бағаға ие болды.



Көзі нашар көретіндерге
арналған нұсқа