Тарифтік саясат

    Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңына сәйкес, «Интергаз Орталық Азия» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) мынадай қызмет түрлері бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің Республикалық бөліміне енгізілді:
    • магистральдық құбыр желілері бойынша газ тасымалдау;
    • газды сақтау;
    • электр энергиясын беру және тарату;
    • жылу энергиясын өндіру, беру және тарату;
    • су шаруашылығы жүйесінің қызметтері.

ҚР тұтынушылары үшін магистральдық газ құбырлары бойынша табиғи газды тасымалдау:

    Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін магистральдық газ құбырлары бойынша табиғи газды тасымалдауға тарифті Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) бекітеді.
    Тариф Агенттік Төрағасының 2004 жылғы 21-желтоқсандағы №500-НҚ бұйрығымен бекітілген, Магистральдық құбыр желілері бойынша газ тасымалдау қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес белгіленеді.
    Агенттіктің 2011 жылғы 6-маусымдағы №161-НҚ бұйрығымен 2011 жылғы 1-тамыздан бастап магистральдық құбыр желілері бойынша табиғи газды тасымалдау қызметтеріне мынадай тарифтер бекітілді:
–тұрғындарға газ жеткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін және тұрғындар үшін жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – мың текше м. үшін ҚҚС-сыз 222,3 теңге;
–өзге заңды тұлғалар үшін – мың текше м. үшін ҚҚС-сыз 898 теңге.

Магистральдық газ құбырлары бойынша табиғи газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы (транзит) және экспортқа тасымалдау:

    Қазақстан Республикасының аумағы арқылы газ транзиті және газды экспортқа тасымалдау қызметтеріне тарифтерді тараптар газ транзитіне, экспортына арналған шарттардың негізінде белгілейді және қызметті көрсетуге байланысты шығындарды және күрделі салымдарға бағытталатын пайданы ескеріп анықтайды.
    Түпкілікті тарифтер газ тасымалдау шарттарында 100 км мың текше м. үшін АҚШ долларында белгіленеді.

Газды сақтау:

    Ішкі тұтынушылар үшін газды сақтау қызметіне тарифті Агенттік бекітеді және Агенттіктің 2004 жылғы 21-желтоқсандағы № 499-НҚ бұйрығымен бекітілген, Газды сақтау қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес есептелінеді.
    Газды сақтау тарифі ЖАГҚ-ында газды сақтаудың орташа айлық көлемі үшін мың текше м. үшін ҚҚС-сыз теңгеде бекітіледі.
    Агенттіктің 2011 жылғы 27-сәуірдегі №126-НҚ бұйрығына сәйкес, 2011 жылғы 1-маусымнан бастап жер асты қоймаларда табиғи газды сақтау қызметіне мың текше м. үшін айына ҚҚС-сыз 49,19 теңге көлеміндегі тариф қолданылады.
 


Көзі нашар көретіндерге
арналған нұсқа