Экология

Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі ҚР Экологиялық кодексіне және көпшілік мақұлдаған халықаралық принциптерге сәйкес жүзеге асырылады: 

  • қоршаған ортаға зиян келтірмей тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету;
  • табиғатты қорғау бойынша іс-шараларды орындау;
  • энергия сақтайтын технологияларды енгізу;
  • салауатты қоршаған табиғи ортада өмір сүруге құқығы бар адамдарға қамқорлық жасау.
             

2007 жылы Компания DIN ISO 14000-2004 «Қоршаған ортаны қорғау» халықаралық стандарты бойынша сертификатталды. Экологиялық саясаттың қазіргі редакциясында әлемдік өндірістік тәжірибенің жаңа тенденциялары, әлемдік экологиялық стандарттар бойынша жұмыс істеуге, өндірістік және қаржылық проблемаларды шешкен кезде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне айтарлықтай көңіл аударуға ұмтылыс көрсетілген.


Экологиялық саясат мақсаты – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық теңдестік негізінде өндірістік қызметтің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Компанияның экология саласындағы негізгі міндеті – қоршаған ортаға зиян келтіруді кезең-кезеңмен төмендету. Компанияның өндірістік қызметіне әсер етуді бақылауды жаңа жабдықпен және аспаптармен жабдықталған өзіндік Өндірістік-экологиялық мониторинг зертханасы жүзеге асырады.


Өндірістік объектілердің қоршаған ортаға зиян келтіруін азайту жүйенің техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру, жабдықты ауыстыру, құбырлардың ескі учаскелерін ауыстыру жағынан оны техникалық қайта жарақтандыру, МГҚ желілік бөлігінде газ ағынын анықтау үшін жаңа аспаптарды қолдану және компрессорлық цехтерде газдалуды бақылау жүйелерін жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі.


Аталған міндет мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы шешіледі:

  • Ластаушы зарттарды ауаға шығаруды төмендету;
    • Жөндеу жұмыстарын жасау, ақауларды анықтау және МГҚ желілік бөлігін тазарту кезінде газ шығындарын қысқарту және толығымен тоқтату;
    • Жөндеу мен жаңарту арқылы ГАА-дан тастандыларды қысқарту;
    • Жер асты газ қоймаларында газ ұңғымалары қорының күйін бақылау;
  • Ағынды сулардың ластайтын заттары тастандыларын азайту;
    • Ағынды суларды тазарту қондырғыларын салу;
    • Жер асты газ қоймаларында қабаттық суды тазарту қондырғысын салу;
    • Айналымдық сумен жабдықтау қондырғыларын салу;
  • Топырақтар мен жер қойнауларын қорғау, қалдықтарды кәдеге жарату және көму;
    • Жер асты газ қоймаларын пайдаланудың технологиялық көрсеткіштерін оңтайландыру;
    • Ашық жер қоймаларын жою және МГҚ бүкіл желілік бөлігінде газ конденсатты шламды жинау мен сақтау үшін жабық түрдегі конденсат жинағыш салу;
    • Конденсат жинағыштар мен жер асты ЖЖМ қоймалары жанында фондық қадағалау ұңғымаларын салу;
    • Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын кәдеге жаратуға уақытылы шығару;

 


Көзі нашар көретіндерге
арналған нұсқа