Әлеуметтік және кадрлік бағдарламалар

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ

Әлеуметтік саясат мәселелері "Интергаз Орталық Азия" АҚ қызметінде айтарлықтай орын алады. Ең алдымен, олар әлеуметтік серіктестік негізінде бөлімшелердің ұжымдарында дұрыс жұмыс микроклиматын құруға бағытталған, бұл қызметкерлерге өздерінің негізгі функцияларын табысты орындауға мүмкіндік береді. Бөлімшелерде Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау туралы ережелер әзірленіп, қолданылып жүр, оларда газ тасымалдау саласы жұмыскерлерінің қалыпты қызмет етуі үшін барлық жағдайлар көзделген.

Компания әлеуметтік сипаттағы төлемдердің өсуін арттырады, олардың едәуір үлесін қызметкерлердің демалысына емделуге берілетін материалдық көмек, әйел адамдарына балаларын күтуге алған демалыс ақылары, зейнетке шығуға байланысты материалдық көмек, мерейтойлық жасқа толған қызметкерлер мен зейнеткерлерге материалдық көмек, Жаңа жылға және әйелдерге 8-наурыз Халықаралық күніне арналған сыйлықтар құрайды.

Компания қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылады. 2005 жылы «Ақтөбе» МГҚБ қызметкерлері үшін Ақтөбе қаласында тұрғын үй салынды. Бұрын, «Орал» және «Атырау» МГҚБ қызметкерлеріне көп пәтерлі тұрғын үйлері тапсырылған болатын. 2007 жылы «Атырау» МГҚБ «Мақат» ЖӨБ және «Мақатэнергожөндеу» басқармасы қызметкерлеріне Мақат кентінде 24 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. 2008 жылы ИОА Атырау филиалының Редут ЖӨБ қызметкерлеріне Әкімшілік-тұрмыстық кешенін пайдалануға өткізді. 2008 жылы «Орал» МГҚБ «Чижа» КС қызметкерлеріне Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы Амангелді кентінде екі пәтерлі тұрғын үйінің құрылысы аяқталды. Компания қызметкерлеріне жайлы тұру жағдайын жасау үшін «Опорная» КС-те асханасы мен спорт залы бар 34 орындық Вахталық кешен салынды. Компания қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайын жақсартуды жалғастыру жоспарлануда.


КАДРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ

Жұмысшылар − "Интергаз Орталық Азия" АҚ қызметінің өндірістік қызметіндегі негізгі кадрлік буын. Өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігі, еңбек өнімділігінің өсуі және орындалатын жұмыстардың сапасы солардың кәсіби деңгейіне байланысты, сондықтан оларды даярлауға ерекше назар аударылады.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ-та Компания персоналын дамыту бойынша тұрақты қолданылатын бағдарлама бар, онда қызметкерлерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру маңызды буын болып табылады.

Жыл сайын Компанияда барлық филиалдардың командалары қатысатын «Үздік желілік-өндірістік бөлімше» және «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік конкурстары өткізіледі. Конкурс өндірістік бөлімшелердің қызметін белсендету, кәсіби шеберлік пен теориялық даярлық деңгейін көтеру, жұмыс орнында жауапкершілік сезімін және еңбек жағдайларын жақсартуға ұмтылысын дамыту, өндіріс мәдениетін арттыру мақсатында өткізіледі.

2001 жылдан бастап «Жас маман» бағдарламасы қолданылады, ол біліктілігі жоғары кадрлердің қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кешенді тестілеуден сәтті өткен магистральдық газ құбырлары өтетін жерлердің тұрғындары үшін өткізілетін конкурстық іріктеу негізінде Компания жыл сайын гранттар бөледі, оқу аяқталғаннан кейін олар өңірлерге оралуға тиісті, мұнда олар жұмысқа алынады. Қазіргі таңда осы бағдарламаның 166 түлегі өңірлерге оралды. Компания оларды жұмыс орындарымен қамтамасыз етті, айтарлықтай материалдық көмек көрсетті. Тағы 68 бала Ресей мен Қазақстанның ЖОО-да оқуын жалғастырып, мұнай және газ саласындағы күрделі мамандықтарды игеруде.

2002 жылдан бастап «Кадрлік қор» бағдарламасы қолданылады, ол қызметкерлерге барлық вакансияларға жұмысқа алуға басым құқық береді. Жаңа позициялар туралы ақпарат корпоративтік басылымдарда және ішкі ақпараттық порталда жүйелі түрде жарияланады. Компания филиалдарының басқарушылық персоналымен жасалатын кадрлік жұмыстағы негізгі мәселелердің бірі менеджерлік позицияларға ұсынуға үміткерлерді анықтау мен даярлау болып табылады, олардан кәсіби шеберлігімен қатар жеке бастамашылық, мақсатқа жете білу, оқуға дайын болу және т.б. талап етіледі. Үміткерлерді іріктеп алу мен бағалау үшін өндірістік компанияларда персоналды іріктеп алу мен бағалау саласында жұмыс тәжірибесі мол тәуелсіз сарапшы-кеңесшілер шақырылған. «Кадрлік қор» бағдарламасына жазылған қызметкерлерді дярлау шеңберінде, негізгі басқарушылық дағдыларын дамытуға, басқарушылық және қаржылық менеджмент негіздерін білуге бағытталған семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылған.

Соған қоса, Компания қызметкерлері жыл сайын аттестаттаудан өтеді. Мамандар мен департамент директорларына дейінгі барлық қызметкерлер аттестаттауға жатады. Аттестаттау мақсаттары ретінде Компания басшылығы: Компания әр қызметкерге қоятын талаптар мен артатын үміттер жүйесін әр қызметкерге жеткізу қажеттілігін; жағымды түрде айтылған объективті кері байланыс беру арқылы өндірістік мінез-құлықты жақсартуға ұмтылысты қояды.


Көзі нашар көретіндерге
арналған нұсқа