"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Қазақстанның газ тасымалдау компаниясы менеджмент жүйесінің сертификаттарын алды
07.07.2016

«Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниясы) мемлекеттік және халықаралық стандарттар: ҚР СТ ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008) «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптары»; ҚР СТ OHSAS 18001-2008 (OHSAS 18001:2007) «Денсаулық және еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйелері. Талаптары»; ҚР СТ ИСО 14001-2006 (ISO 14001:2004) «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптары және оларды қолдану бойынша нұсқаулық»; ҚР СТ ISO 50001-2012 «Энергоменеджмент жүйелері. Талаптары және оларды қолдану бойынша нұсқаулық» және EFQM моделі бойынша Кемелдікке ұмтылу стандарттары негізінде бүгінгі күні компанияда интеграцияланған менеджмент жүйесіне сәйкестікке қазақстандық және еуропалық үлгідегі сертификаттарды алды. 

«Интергаз Орталық Азия» АҚ өзін үздіксіз дамыту мақсатында басқарудың, денсаулықты қорғаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттырудың тиімділігі жоғары әдістерін пайдаланудың салдары ретінде көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттігін арттыру және сапасын қамтамасыз ету, тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру салаларында едәуір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған үдерістерді жүргізеді.

Мысалы, а.ж. мамыр айында «AFNOR» нормалары бойынша Франция қауымдастығы жүргізген сертификатталған аудит нәтижелері бойынша компанияға ISO 9001:2008, OHSAS 18001:2007, ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестік сертификаттарын табыс етті.

                                                                                          

                                                                  

AFNOR Францияның стандарттау бойынша мемлекеттік ұйымы және сертификаттау нарығындағы жетекші әлемдік ойыншылардың бірі болып табылады. Менеджмент жүйелерін және техникалық сараптаманы сертификаттау саласындағы қызметтердің бірыңғай жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, барлық негізгі әлемдік экономикалық орталықтарда өкілдіктері бар. Оның сарапшыларымен 60 елдегі 30 мыңнан астам компаниялар сертификатталды. Енді олардың қатарында «Интергаз Орталық Азия» еншілес компаниясы да бар.  

Талаптарға сәйкес компания сондай-ақ ҚР СТ ИСО 9001-2009, ҚР СТ OHSAS 18001-2008, ҚР СТ ИСО 14001-2006, ҚР СТ ISO 50001-2012 мемлекеттік стандарттарына сәйкестікке сертификаттар алды.  

 

Сонымен бірге, Еуропалық кемелдік моделін енгізу жөніндегі іс-шаралар аясында «Интергаз Орталық Азия» компаниясына Еуропалық сапаны басқару қорымен (European Foundation for Quality Management, EFQM) «Кемелдікке ұмтылу» деңгейін жақсарту жобалары бойынша  Сертификат тапсырылды.  

EFQM моделі 21 еуропалық елде сапасы жағынан ұлттық сыйлықтың негізіне айналды. Қазақстанда EFQM моделі негізіндегі Ұлттық сыйлық Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы болып табылады. Мысалы, сапа менеджментінің еуропалық моделін енгізу «Интергаз Орталық Азия» АҚ-на Алтын Сапа Президенттік сыйлығын алуға конкурсқа қатысуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Одан басқа, менеджмент жүйелерінің мемлекеттік және халықаралық сертификаттарын алу «Интергаз Орталық Азия» АҚ-на көрсетілетін қызметтер нарығындағы рейтингін едәуір көтеруге және компанияны Азиялық сапа ұйымының (AsiaNetworkforQuality, ANQ) «Сапа менеджменті саласындағы кемелдігі мен үздік тәжірибесі үшін азиялық награданы» алуға номинациялауға мүмкіндік берді.

 

Баспасөз қызметі, тел:  7(7172) 97 72 11, 7 (7172) 55 23 16

 

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу