"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
ГАЗ ТАСЫМАЛЫ ҚУАТТАНА ТҮСТІ
24.05.2017

Қызылорда қаласынан 60 шақырым жерде еліміздің оңтүстігі мен газ жеткізу көзделіп отырған солтүстік өңірлерін де қажетті газбен қамтамасыз ете алатын нысанның құрылысы аяқталды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының 944-ші шақырымында «Қараөзек» компрессорлық станциясы салынды. Қуатты агрегаттармен жабдықталған станция Қытайға табиғи отынның экспортын ұлғайтуға да мүмкіндік бермек.

«Қараөзек» компрессорлық станциясы Ақтөбе облысында жуырда ғана іске қосылған «Бозой» станциясымен қатарлас жұмыс істеп, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының өткізу қабілеттілігін 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Екі станция да соңғы үлгідегі, жоғары технологиялар негізінде салынған және күрделі режим жағдайында да үздіксіз пайдалануға арналған газ айдаушы агрегаттармен және қосалқы жабдықтармен жасақталған. Айта кетерлігі, құрылыстың күрделілігіне қарамастан, «ҚазТрансГаз» АҚ осы инвестициялық жобаны жоспарланған мерзімінен жарты жылға ерте аяқтап отыр.

Компания өкілдерінің пікірінше, құрылысты мерзімінен бұрын аяқтауға, «Қараөзек» КС салу кезінде ішкі резервтегі газ айдау қондырғыларын оңтайлы пайдалану арқылы қол жеткізілген. Бұл 10 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Транзиттік әлеуетті ұлғайтудан бөлек, «Қараөзек» компрессорлық станциясы тағы бір маңызды міндетті шешуге арналған. Оның құрылысы Қазақстанның елордасы Астананы табиғи газбен жабдықтау, сондай-ақ елдің орталық және солтүстік өңірлерін көгілдір отынмен қамтамасыз ету есебімен салынды. Газ мамандарын құрылыс жобасының сәтті аяқталуымен құттықтаған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президенті Қайрат Шәріпбаев, іргелі құрылыс жобаларының бүкіл елдің газ тасымалы саласы үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. «Бүгінгі күні ТМД елдерінің аумағында «Бозой» және «Қараөзек» компрессорлық станцияларымен тең келетін инфрақұрылымдық нысан жоқ десе де болады. Бұл газ тасымалы саласының әлеуетін арттырумен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылға дейін қазақстандық нарықтың қажеттілігін толықтай отандық газбен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесін шешудегі тағы бір маңызды қадам» - деген пікірін білдірді.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу