"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ҚазТрансГаз» АҚ 1-ші жарты жылдықтағы жұмыс қорытындылары бойынша өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді арттырды
03.07.2019

 Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ 2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында компаниялар тобының атқарған қызметінің қорытындыларын шығарды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Шәріпбаевтың айтуынша, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының табысты қызметі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр. «Газ тасымалдау жүйесінің техникалық қуатын ұлғайту, әртараптандыру және тауарлық газ үшін жаңа транзиттік маршруттарды құру  жөніндегі Ұлттық оператордың бастамалары қолдау тауып, қаржыландырды. Толықтай жаңғыртылған, жоғары технологиялық отандық газ тасымалдау жүйесі транзиттік газ ағынын әртараптандырып қана қоймай, елдің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз ете отырып, олардың көлімдерін ұлғайтуға да қабілетті» дейді Қайрат Шәріпбаев.  

Деректерге сәйкес, шоғырландырылған кіріс 1 трлн. теңгеден асады. Ұлттық оператордың таза пайдасы 170,2 млрд. теңгені құрады, ол былтырғы жылғы көрсеткішке қарағанда 100 млрд. теңгеге немесе 140 %-ға артық.

Ішкі нарыққа газ жеткізу операцияларынан келген шығын көлемі 62,6 млрд. теңгені құрады. Ұлттық оператор отандық тұтынушыларға өзіндік құнынан төмен бағада газ өткізеді және ол шығыстарды газды экспорттау есебінен өтеп отыр.   

«ҚазТрансГаз» АҚ еліміздің ірі салық төлеушісінің бірі. Осы есепті кезеңнің өзінде ғана 56 млрд теңгеден астам сомаға салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер төленді.

Осы жылдың бірінші жарты жылдығында газ өткізу көлемі 11,6 млрд. текше метрді құрады, оның ішінде ішкі нарыққа газ өткізу көлемі 7,3 млрд. текше метрді, экспортқа газ өткізу 4,3 млрд. текше метрді құрады.

Қайрат Шәріпбаевтың айтуынша, тұрғындар мен өнеркәсіптің табиғи газды тұтыну көлемдерінің тұрақты өсуіне, сондай-ақ ішкі нарыққа газ жеткізу операцияларының аса қомақты шығындарын (жылына 120 млрд тенге) жабу үшін және газ экспортының көлемдерін (жылына шамамен 10 млрд м3) ұстап тұру қажеттілігіне  байланысты, еліміздегі табиғи газдың ресурстық базасын арттыру қажеттілігі туындап отыр.

Бүгінгі таңда Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ жылдық өткізу қабілеті 224 млрд. текше метрге дейін болатын 19 мың км астам магистральдық газ құбырларын  және ұзындығы 47 мың км астам газ тарату желілерін пайдаланады және Орталық Азиядағы  газ ағындарының маңызды әрі технологиялық тұрғыдан ең қуатты операторы болып табылады.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу