"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Биыл барлық аудан орталықтары газбен қамтылады
25.05.2016

Брифинг Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында біздің облыста сумен жабдықтау жүйелері жаңартылады. Жоспар бойынша 12 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Жобаның жалпы құны — 4,1 млрд. теңге. Бұл қаржыға Ақтөбе қаласы, Алға, Әйтеке би, Шалқар, Мұғалжар, Темір аудандарының су жүйелері жөнделеді. Сондай-ақ, биыл сумен жабдықтау нысандарының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 172,6 млн. теңге бөлінген. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амантай Бекниязов мәлімдеді.

Облыс тұрғындарын орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау көрсеткіші — 90,5 пайыз, елді мекендердің қамтылуы — 45,3 пайыз.

«Ақбұлақ», «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2011-2015 жылдар аралығында сумен жабдықтау мақсатында 100 жоба (жалпы құны 22,5 млрд. теңге) жүзеге асырылған. Нәтижесінде, 68 елді мекенде тұратын 54 780 тұрғын ауызсумен қамтылды.

Дегенмен, ауызсудың зардабын тартып отырған ауылдар да бар. Бұл ауылдар: Ырғыз ауданындағы Нұра, Мамыр елді мекендері. Нұра мен Мамырды орталықтандырылған ауызсумен қамту мақсатында жалпы құны 633,9 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджет комиссиясының қарауына жіберіліпті.

2017 жылға аталған бағдарлама аясында 8,8 млрд. теңгеге бағаланған 30 жоба ұсынылды.

Қазір облыстағы 375 елді мекеннің 100-і газбен жабдықталған. Былтыр бюджет қаражаты есебінен Ырғыз ауылында жеткізуші газ құбыры, Алға ауданы Қарақұдық және Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдарында ауылішілік газ құбырларының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз» АҚ-мен жасалынған меморандум аясында инвестициялық қаражаттар есебінен өткен жылы Ойыл, Әйтеке би ауданының Комсомол, Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылдарына жеткізуші газ құбыры тартылды. Ал Ырғыз ауылына ауылішілік газ құбыры жүргізілді.

Мәртөк ауданы Жайсаң ауылына жеткізуші газ құбырының құрылысы биыл аяқталатын болады. Биыл жалпы құны 14,9 млрд теңгеге 12 жоба жүзеге асырылады. Жобалардың жүзеге асырылу нәтижесінде осы жылы барлық 12 ауданның орталықтары газбен қамтылатын болады. Сондай-ақ, биыл 23 елді мекенді газбен жабдықтау үшін 30 жобалық-сметалық құжат әзірленеді екен.

Амантай Бекниязовтың айтуынша, 2017 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 4,5 млрд теңгеге бағаланған 15 жоба ұсынылыпты.

Облыста жалпы 2237 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 1615-і Ақтөбе қаласында орналасқан. Бұл үйлердің 350-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал апатты жағдайдағы үйлердің саны — 36. Бұл үйлердің дені 40-шы жылдары салынған.

Соңғы екі-үш жылда апаттық жағдайдағы екі үй — Әйтеке би көшесі, 9 «а» және Тургенев көшесі, 8-үйлер бұзылып, ондағы тұрғындарға пәтер берілді. Қаладағы апатты жағдайдағы 36 үйдің тұрғындарына айтарымыз, тиісті мекемелерден үйлерінің апаттық жағдайда екендігін анықтайтын сараптама жасатып, қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторында кезекке тұрулары керек, — деді Ақтөбе қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Жұлдызбек Бисембин.

Брифинг барысында журналистер облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амантай Бекниязовқа бірқатар сауалдар қойып, жауаптар алды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу