"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
ӨТІНІШ

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

Ұсынылып отырған ақпаратпен мұқият танысуыңызды сұраймыз!

Осы хат тек бір мақсатпен дайындалды – мұнай және газ тасымалдайтын магистралды құбырлармен (әрі қарай - Құбырлар) сіздің «қауіпті көршіліктің» нәтижесінде орын алуы ықтимал негативті зардаптарды болдырмау.

Қолданыстағы заңнама магистралды құбырды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қорғау аймағы», «минималды қауіпсіз қашықтық» секілді түсініктер қарастырылған.

Атап айтқанда, қорғау аймағы – бұл құбыр осінің әр жағынан 50 метрде өтетін шартты сызықтармен шектелген жер телімі.

Ал, қауіпсіз қашықтықтың өлшемдері құрылыс нормалары және ережелерімен орнатылады және тасымалданатын шикізат пен құбыр диаметріне байланысты 50-ден 350 метрге дейін құрайды.

Сіздің жер учаскелеріңіз (ғимараттар, құрылыстар) қолданыстағы талаптарды бұза отырып, жақын жердегі Құбырмен қауіпті қашықтықта орналасқан.

Мұндай «көршілік» сізден өзіңіздің, жақындарыңыздың және мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауды қажет етеді.

Ең оңайы, Құбырға жақын жерде сізге істеуге болмайды:

-өз бетімен құрылыс жүргізу;

-өз бетімен жер қазу және жырту жұмыстарын жүргізу;

-от жағу және от көздерін орналастыру.

Келесі сілтеулер мен байланыс телефондары арқылы сіз ескертпемен танысып, толық ақпарат және құзіретті мамандардың түсіндірмелерін алу мүмкіндіктеріңіз бар:

«КазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы роrtal.kaztransoil.kz тел.: 7(7122) 93-12-16

«Каспийский Трубопроводный Консорциум-К» АҚ www.cpc.ru тел: 7(7122) 76-15-99, 76-15-95

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Atyrau@intergas.kz тел.: 7(7122) 55-00-51

Құқықтық сипаттағы сұрақтар туындаса, Атырау көлік прокуратурасымен байланысуыңызды сұраймыз: 7 (7122) 32-28-14.

Сонымен бірге, осы хатты әрекеттегі шектеулер мен тыйымдар және оларды орындау қажеттілігі жөніндегі ескерту деп есептейміз!