Рейтингтер мен марапаттар

 

Рейтингтер мен марапаттар


Кредиттік рейтингтер

Кредиттік агенттік

Кредиттік рейтинг

Болжам

Fitch Ratings

 

BB+

Тұрақты

Moody’s Investors Service

 

Baa3

Тұрақты

Standard & Poor’s

 

BB-

Позитивті


Марапаттар

1) 2010 жылғы қазан айында «Үлкен Еуропа: Шығыс және Оңтүстік көршілермен жасалатын қатынастардың жаңа шеңберлері» көшбасшыларының Оксфордтық саммиті шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» компаниясы «Europe Business Assembly» сарапшылар кеңесінің ұсынысымен «Ең үздік кәсіпорын» және «2010 жылдың ең үздік top-менеджері» номинацияларында жоғары жүлделерімен марапатталған.                                                    

«Europe Business Assembly» (Еуропалық Бизнес Ассамблеясы) 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы Еуропа, Африка, Латын Америкасы және постсовет кеңістігі елдеріндегі өңірлерді экономикалық және әлеуметтік дамыту жобаларын әзірлеу мен енгізу бойынша үкіметтік емес ұйым болып табылады.                                                         

 Әртүрлі жылдары қазақстандық компаниялар ЕБА марапаттарының номинанттары мен  лауреаттары  болған. «Europe Business Assembly» жоғары марапаты компаниялардың сапалы қызмет көрсетудегі жетістіктерін мойындау болып табылады. Құрмет марапатын алу компанияның экономикалық сенімділігін, оның әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін растау болады және көшбасшының ерекше белгісі болып табылады.

2) 2009 жылғы 30-қарашада Интергаз Орталық Азия Лондон қаласында сапа бойынша B.I.D. Халықаралық конвенциясында өтетін Сапамен Ымыра, Озаттық, Технологиялар мен Инновациялар үшін Алтын санатында International Quality Crown Award жүлдесімен марапатталды. 

 

 


Көзі нашар көретіндерге
арналған нұсқа